2026 жылғы 16 қазанда біздің мектепте мектеп парламентінің Президентін сайлау өтті. Оқушылар дауыс беруге белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын, мектеп өмірін дамытуға жауапкершіліктері мен қызығушылықтарын көрсетті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен мектеп парламентінің президенті болып 8 сынып оқушысы Бендова Анастасия сайланды!
19 қазанда мектеп парламентінің жаңа Президентінің салтанатты инаугурациясы өтті. Бұл маңызды оқиға оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіндегі жаңа кезеңнің басталуы болды.
Анастасияны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оған сәттілік, қызықты идеялар, өз қабілеттеріне сенімділік және мектебіміздің игілігі үшін жемісті жұмыс тілейміз!
Алда көптеген жарқын бастамалар, пайдалы жобалар мен жаңа жетістіктер болсын!
Біз бірге мектеп өмірін одан да қызықты әрі бай етеміз!







