8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында педагог-психолог "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"тақырыбында тәрбие іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты-қыздардың қоғамдағы әйел рөлінің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру, өзіне құрметпен қарауды дамыту, өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезіну, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу: мейірімділік, қамқорлық, басқаларға құрмет.Әңгімелесу барысында оқушылармен "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"сөзінің мағынасы талқыланды. Өзін және басқаларды құрметтеу, мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық, білім мен дамуға ұмтылу сияқты қасиеттерге ерекше назар аударылды. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, қазіргі қыз қандай болуы керек, адамның қоғамның табысты және лайықты мүшесі болуына қандай қасиеттер көмектесетіні туралы өз пікірлерін білдірді.








