Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында 4 сынып оқушылары үшін "Менің елімнің болашағы – менің қолымда"атты зияткерлік ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Ойын барысында балалар қызықты зияткерлік байқауларға қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді, өздерінің эрудициясын, тапқырлығын және командада жұмыс істей білуін көрсетті. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, ұлттық дәстүрлері мен географиясын білуге арналған тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара достық, белсенділік және салауатты бәсекелестік жағдайында өтті. Оқушылар өз білімдерін бекітіп қана қоймай, олардың әрқайсысы өз елінің болашағына қандай үлес қоса алатындығы туралы ойлады.
Қазақстанның болашағы әрқайсымыздан басталады!






