"Полицияның жас көмекшісі" мектеп жасағының мүшелері 8-11 сынып оқушыларына арналған "жаман әдеттер мен заң" жадынамасын әзірлеп, таратты.
Жадынамада қолжетімді және түсінікті тілде жасөспірімдер үшін қандай жаман әдеттер қауіп төндіретіні, олардың денсаулыққа, оқуға және болашақ мамандыққа қандай зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екендігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қандай жауапкершілік көзделгені түсіндіріледі.
Бұл жұмыс жоғары сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталған. Өйткені, Бүгін дұрыс таңдау-бұл сенімділік пен ертеңгі сәттілік.












